«Статистикаға сәйкес, былтыр зерттелген кәсіпорындардың 1,6 млн жұмысшысының 375 мыңы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеген. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерге жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес кепілдіктер мен өтемақылар береді. Осылайша, 2021 жылы ел бойынша 681 мың қызметкер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін 167 млрд теңгеден астам сомаға түрлі өтемақы алды, бұл 2020 жылға қарағанда 19% - ға артық», – деп хабарлады ведомство өкілі.