Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау мақсатында 5 371 өндірістік объектіге аттестаттау жүргізілді.  


«Бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында 2 800 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді. Кәсіпорындарда 16 мыңнан астам өндірістік кеңес құрылды және жұмыс істейді, олардың міндеттеріне еңбекті қорғау жөніндегі 21 мыңнан астам техникалық инспектордың қатысуымен жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастыру кіреді. 2019 жылдан бастап біз 7 ереже қарастырылған «алтын стандарт» - «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Бүгінгі таңда оған 292 кәсіпорын қосылды. ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп «Халықтық бақылау» әлеуметтік маңызды жобасы енгізілуде, ол мүмкіндігі шектеулі адамдарды «халықтық бақылаушылар» ретінде тартуды көздейді. Бүгінгі таңда 164 кәсіпорын осы жобаны іске асыруда, оның аясында 500 - ден астам адам еңбек етеді», - деп атап өтті спикер.

 
Бұдан басқа, өңірлердің әкімдіктері жазатайым оқиғалардың ең көп санына жол берген жұмыс берушілермен бірлесіп, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жекелеген іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша жұмыс жүргізді. Жоспарлар еліміздің 173 кәсіпорнында бекітілді.