«Қазіргі заманда біз барлығына бір идеологияны алып, сіңіре алмаймыз. Қазақстан халқы күрделі, көптеген топтарға бөлінді, әңгіме тек этникалық құрылым туралы ғана емес. Бізде әртүрлі саяси көзқарастар бар. Оңшылдар, солшылдар, оқшауланушылар және глобалистер. Мұндай қайшылықтар көп. Бірақ мұндай жағдайдағы ең бастысы - ең алдымен біз қазақстандықтармыз, содан кейін ған саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың немесе мүлік иелері бірлестіктерінің мүшелеріміз деген негізгі түсінік. Азаматтық бірегейлік басқаларынан биік болуы үшін біз әлеуметтік тәртіп негіздеріне жүгінуіміз керек», - деді спикер.


Оның айтуынша, қазақстандықтардың көбі Қазақстанды болашақта азаматтардың басым бөлігі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білетін көп ұлтты ел ретінде көреді. Өкінішке орай, азаматтар арасында сенім жоқ. Зерттеулер көрсеткендей, экономикалық өсу мен өмірге қанағаттану деңгейі қоғамдағы сенім деңгейіне байланысты.


«Біз билік институттарына ғана емес, тұрғын үй кешеніндегі көршілерге де сенбейміз. Басқа этностар мен діндердің өкілдері жиі сенімсіздік тудырады. Сенімділікті арттыру үшін қандай құралдарды қолдана аламыз? Сенім ауызша араласу арқылы қалыптаспайды. Адамдарға дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін әлеуметтік ортаны өзгертуіміз керек. Ең алдымен, сіз, Қасым-Жомарт Кемелұлы, осы жылы басты мемлекеттік басымдыққа айналдырған саяси реформалар осы бағытта жұмыс істеуде. Конституцияға енгізілген түбегейлі өзгерістер саяси жүйеміздің сапасын жаңартады. Жергілікті жерлерде және республикалық деңгейде биліктің өкілді тармағын күшейту - кең азаматтық өзара іс-қимыл жасау үшін арна құрады. Идеологиялық қарсыластар туралы иллюзиялармен және стереотиптермен өмір сүрген әртүрлі топтар Мәжіліс пен мәслихаттарда кездеседі. Бұл мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасын толығымен өзгертеді», - деді Шаталов.