«Менің ойымша, жаңарған Қазақстан - бұл жаңа ақпараттық саясат, ол бір уақытта сөз бостандығына құқық беріп, әрбір жария сөз үшін жауап беруге міндеттеуі тиіс. Әйтпесе, жылдар бойы жинаған барлық құндылықтарымыздан айырылып, «ақпараттық хаоста» қалып қоюымыз мүмкін. Біз бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе сыни жағдайларда, қандай күшке ие екенін білеміз. Қаңтар оқиғалары кезінде біз мұны толық сездік. Әлі күнге дейін түрлі ақпарат таратылып жатыр. Менің ойымша, оларды қадағалап, жазалау керек! Әріптес-журналистерге айтарым, біз сіздермен бірге ел тарихын жазып жатырмыз. Жай танымалдылық пен хайп қуып, қоғамды алдаумауымыз керек. Ақыр соңында, қарапайым журналистік этика, ар-намыс кодекстің барын естен шығармауымыз керек. Бүгінде геосаяси дағдарыс жағдайында бұл жауапкершілік еселеп артуда. Біз тараптардың ешқайсысын қолдамаймыз және кез келген зорлық-зомбылыққа қарсымыз. Біз үшін өз елімізде бейбітшілік пен бірлікті сақтау әлдеқайда маңыздырақ. Зейінімізді өз мүдделерімізге шоғырлаймыз. Бұл тақырыпты біле тұра өршітіп отырғанда өте радикалды мәлімдемелерге жол береді, оларды қатаң түрде тоқтату керек. Мұны кім айтқаны маңызды емес: журналист пе, қоғам қайраткері ме, саясаткер ме, әлде қарапайым азамат па. Этникалық тегіне қарамастан. Мемлекет бұл тұрғыда нақты әрекет етуі керек», - деді Палинка.


Ол Президенттің нұсқауларына сәйкес ҚХА мүшелері мен қоғамдық құрылымдары үнсіз қалмайтынын және еліміздегі бірлік пен бейбітшілікке қарсы айтылған бірде-бір сөзді жауапсыз қалдырмайтынын атап өтті. Мәселен, Ресей-Украина қақтығысына байланысты қазақстандықтар арасында арандатушылық пен алауыздық тудыру әрекеттеріне қатысты бірқатар республикалық этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары тиісті бірлескен мәлімдеме жасады.


«Орыс этносының өкілі ретінде осы мүмкіндікті пайдалана отырып, еліміздің орыс азаматтарына айтарым, біздің әрқайсымыз өз Отаны қайда екенін нақты түсінуіміз керек. Мен үшін Қазақстан - туған ел. Мен осында тудым, әкем мен әжем дүниеге келді, маған ешкім ешқашан ұлттыма қарап қысым көрсеткен жоқ. Менің өз тілімде сөйлеуге, табысты жұмыс істеуге мүмкіндігім бар. Балаларым орыс мектебінде оқиды. Сондықтан, бұған ризашылықпен қарауымыз керек. Бәріміз бірге болуымыз керек. Қазақстан ішіндегі бейбітшілікті сақтайық. Менің ойымша, бұл кез келген шабуылға қарсы у», - деді журналист.