АЙТЫЛДЫ: «Егін егу науқанын сапалы өткізуге баса назар аударылады. Үкімет пен әкімдіктер бұл жұмысты ерекше бақылауға алуға тиіс. Шаруалардың жанар-жағар майды қолайлы бағамен алуын қамтамасыз ету керек. Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын, тұқым мен тыңайтқыш қорларын қайта тексерген жөн. Бірқатар өңірлердегі жауын-шашынның аздығы егіннің шығымын мандытпай, жемшөптің жетіспеуіне әкеп соқтыруы мүмкін».

ОРЫНДЫЛДЫ:

Министрлікте егіс науқанын уақтылы және сапалы жүргізу үшін көктемгі егіс жұмыстарының барлық проблемалық мәселелерін уақтылы шешуге арналған жедел штаб құрылып, жұмыс істеп бастады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік өңірлермен бірлесіп, ауыл шаруашылығы техникасының, тұқым және тыңайтқыш қорларының дайындығына қайта тексеру жүргізді.

Қазіргі уақытта техниканың дайындығы 99%, көктемгі дала жұмыстарын жаппай жүргізу басталғанда 100% құрайды.

2022 жылдың жалпы егіс алаңы 23,1 млн га құрайды, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 125 мың га артық. Бүгінгі таңда Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында егіс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы облыстар бойынша 1,1 млн га немесе жоспардың 61,2% (1 млн га) көлемінде егіс жүргізілді. Негізгі астық егетін өңірлерде ылғал жабыла бастады, содан кейін мамыр айының екінші онкүндігінде бүкіл республика бойынша жаппай себу басталады.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Кең Дала» бағдарламасы арқылы 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша ресми түрде жалпы сомасы 70 млрд теңгеге 2 563 АШТӨ өтінімі келіп түсті, оның ішінде: - 66 млрд теңгеге АШТӨ 2 073 өтінімі қаржыландырылды; - 4 млрд теңге сомасына 490 АШТӨ бойынша өтінімдер мақұлданды; Осы мақсаттарға бөлінген кредиттік ресурстардың алғашқы 2 траншы толық игерілді.

5 сәуірде республикалық бюджеттік комиссия көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін «Кең Дала» бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемін қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайтып, бюджеттік кредиттеудің жалпы сомасын 140 млрд теңгеге дейін жеткізуді мақұлдады.

«Азық-түлік корпорациясы» форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асырып жатыр. Форвардтық сатып алу биыл 40 млрд теңгеден 80 млрд теңгеге дейін 2 есеге ұлғайды. Бүгінгі таңда 72,5 млрд теңге игерілді.

АШТӨ тұқымдық материалмен толық қамтамасыз етіліп, 2,3 млн тонна тұқым себілді немесе бұл жоспардың 100%. Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жоспарлы режимде жүргізіледі. Үкіметтің қолдауының арқасында отандық минералды тыңайтқыштарды өндірушілермен аграрийлердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Осылайша, аммиак селитрасының бағасы 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін, ал аммофос 208 мың теңгеден 173 мың теңгеге дейін төмендеді.

Ағымдағы жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша аграршыларға 259,7 мың тонна минералды тыңайтқыштар тиелді, 375,5 мың тоннаға шарт жасалды.

Арзандатылған дизель отынын өңірлерге жөнелту жұмысы басталды. Жалпы, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 400,2 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл 2021 жылға қарағанда 20 мың тоннаға артық, Мұнай өңдеу зауытынан дизель отынының босату бағасы 212 мың теңге/тонна немесе литріне 177 теңге деңгейінде бекітілді. Облыс операторларының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеткізу, сақтау және сату бойынша шығыстарын ескере отырып, орташа баға республика бойынша орташа есеппен литріне 200 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15-20% арзан.