Оның айтуынша, мұның басты себебі мұнайдың әлемдік бағасының өсуі ғана емес.  


«Өсімге негізінен мұнай мен мұнай өнімдері бағасының өсуі ықпал етті, олардың түсімдегі үлесі айтарлықтай. Сондай-ақ жолаушылар әуе тасымалдары, жүк теміржол тасымалдары, электр энергиясына сұраныстың өсуі сияқты басқа бағыттар бойынша көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғанын атап өткен жөн. Бұл көп жағдайда іскерлік белсенділіктің қалпына келуінен және ауыр болған 2020 жылдан кейін карантиндік шараларды алып тастау есебінен болды. Тұтастай алғанда, 2021 жылдың қорытындылары Қордың іскерлік белсенділігінің қалпына келтірілгенін айғақтайды, ол тіпті 2019 жылға дейінгі пандемиядан да асып түсті. 2021 жылы бекітілген дивидендтік саясатты ескере отырып, Қор ҚР Үкіметі атынан жалғыз акционердің пайдасына дивидендтік кірісті ұлғайту бойынша тұрақты жұмыс істейді. 2021 жылы Қор республикалық бюджетке 88,3 млрд теңге бағыттады», - деді спикер.  


Сонымен қатар, Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес Қор COVID-19-ға қарсы вакциналарды сатып алуды қаржыландырды, қаражаттың бір бөлігі спорт пен білім беруді қаржыландыруға бағытталған.