Шұғыл шаралар шеңберінде Қордың корпоративтік орталығының саны 2 есеге (248-ден 124 адамға дейін), басқарушы қызметкерлер саны 10-нан 5-ке дейін қысқартылды, құрылымдық бөлімшелер саны 27-ден 18-ге дейін оңтайландырылды. 

«Топ бойынша «кеңесшілер» институты толығымен алынып тасталды, 106 адам қысқартылды. Қордың Лондон, Мәскеу, Бейжің, Әбу-Даби қалаларындағы шетелдік өкілдіктері жабылды. Бұл шаралар корпоративтік орталық бойынша шығындарды шамамен 2,6 млрд теңгеге қысқартуға мүмкіндік берді. Осыған ұқсас жұмыс Қордың портфельдік компаниялары деңгейінде жүргізілуде, жазда шығындар тиісінше қысқарады деп күтілуде. Өндіріс қызметкерлерінің жалақысы 48% дейін өсті, осы бап бойынша шығындар қосымша 220 млрд теңгеден асты. 200 мыңнан астам адамның жалақысы өсті. Сондай-ақ, сатып алуға жетекшілік ететін қызметкерлерді жалдау бойынша талаптар қайта қаралды. Психологиялық профайлинг жүргізіледі. Ашық конкурстар негізінде 6 компанияның, 32 СЕО-1 ӨК бірінші басшылары ауыстырылды. Сатып алудың жаңа тәртібі бекітілді. Сатып алу бойынша өтініштер тізілімі Қордың веб-порталында баршаға қолжетімді. Делдалдармен 41 шарт бұзылды. ПК комплаенс қызметтерінің басқарма және Қордың ДК деңгейінде қабылданатын барлық мәселелерді қарауы қамтамасыз етілді», - деп атап өтті спикер. 


Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен, қаржы мониторингі агенттігімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл ақпарат алмасу, қаржылық, экономикалық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу ғана емес, сонымен қатар Қордың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты материалдарды тиісті қызметтерге беру жөніндегі ізгі ниеті. Бұл нақты мотиватор болады - деп сенеді қор өкілдері. Сонымен қатар, қоғамдық бақылау күшейтілді.