Әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді толығымен «мемлекет-азаматтарға» деген қағидатқа сай проактивті форматқа көшіруді жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин хабарлады. 


Қазіргі таңда әлеуметтік блок желісі бойынша 13 мемлекеттік қызмет проактивті түрде ұсынылып келеді. 

«2021 жылдың шілдесінен бастап баланың тууы және оның күтімі бойынша жәрдемақы, жүктілікке және бала асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін жәрдемақы секілді үш әлеуметтік төлем бойынша экстерриториалдық қағидаты енгізілді.  Биыл тағы 14 мемлекеттік қызметті экстерриториалдық қағидатымен көрсетуді пилоттық режимде жүзеге асырамыз. Сондай-ақ, 2022 жылы тағы әлеуметтік саладағы 2 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді банктердің мобильді қосымшалары арқылы алу жақсы дамуда. Соңғы бір жылда Kaspi және Halyq Homebank қосымшалары арқылы 16 мың қызмет көрсетілді», - деді спикер. 


Сонымен қатар, банктерге төленетін комиссия көлемі еңбек министрлігімен бірге өзгертіліп, республикалық бюджетке 4,3 млрд теңге үнемделді.