ҚР заңнамасының қолданыстағы нормаларын ескере отырып, мемлекеттік органдар дизель отынын бөлу процесіне немесе операторларды сайлауға араласпайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.
«Фермерлер мен ресурс ұстаушылар (зауыттағы өнім берушілер) арасында дизель отынын сатып алуға «тікелей» шарттар жасасу үшін жағдайлар жасау немесе фермерлердің өз бетінше кооперациялануға және дала жұмыстары үшін мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі операторды таңдау мүмкіндігі болуы үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісе отырып, мынадай жұмыстар жоспарланған: байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы алаңын, ЖЖМ қажеттілігін көрсете отырып, аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру; отынды тарату үшін электрондық-ақпараттық жүйені енгізу арқылы дизель отынының көлемін тікелей бөлу мәселесін пысықтау. Біздің ойымызша, электрондық-ақпараттық жүйені енгізе отырып, диқандарға дизель отынының көлемін атаулы бөлу ашық бөлуге, бөлу тізбегіндегі артық буындарды жоюға, сондай-ақ ықтимал сыбайлас жемқорлық құрамдастарын болдырмауға мүмкіндік береді», - деді спикер.