Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Сонымен қатар генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің орталығында болды.
Бұдан өзге сапар аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлумен кездесті.