Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметке берген тапсырмаларының, мәлімделген ниеттердің барлық компоненттеріне назар аудара отырып, саяси өзгерістерді іске асыру кезінде адамдардың үміттері мен сеніміне сәйкестігіне азаматтық бақылау жүргізу. Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифингте «Ел намысы» арнайы мониторингтік тобының төрағасы Рафаэль Гасанов мәлімдеді.
«Сыртқы талдау мен мониторинг тетігін қолдану жағдайды объективті бағалауға мүмкіндік береді, бірақ бұл үшін жаңа Қазақстанның жақтаушылары болуға қабілетті жетілген азаматтық сектор қажет. Президент оларды демократиялық қайта құрулар мен әлеуметтік-экономикалық дамуға бастайтын жол деп атады, сондықтан қайта жүктеу жағдайында біз қоғам ретінде шетте қалмауымыз керек. Алайда, бұл үшін шу шығарып қана қоймай, қарапайым адамдарға түсінікті критерийлер мен механизмдердің негізінде барлық бастамаларды бақылау қажет. Сондықтан мақсатты мониторинг арқылы жергілікті атқарушы органдар мен мекемелерді қоса алғанда, Үкіметтің іс-қимылына уақытылы ден қою міндетін қойып отырмыз. Ал біздің команда Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің әдіснамасы бойынша жарияланған реформалардың іске асырылуына мониторинг жүргізетін болады. АМТ бастамашыл тобының негізгі бөлігі мұны қалай жасау керектігін біледі, өйткені ол елдерді шолуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспарын, БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын және басқа да халықаралық ұйымдарды іске асыру кезіндегі олардың күш-жігерінің үздіксіз мониторингіне қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ғана шектелмей, жаңа жағдайда жұмыс істеуге шақыруға АМТ-ның көпшілігі үн қосты және жалпы жиналыста АМТ-ның «Ел намысы» ұлттық қозғалысына айналды. Партиялық құрылыстан, құқық үстемдігінен, тәуелсіз және әділ сот жүйесінен бастап еркін сайлау, бейбіт жиналыстар мен митингілерге дейінгі қызмет ауқымының кеңеюін ескере отырып, бұл қозғалыстың құрамына жарты жылдан аз уақыт ішінде еліміздің барлық өңірлерінен мыңнан астам ерікті кірді», - деді спикер.
Халықтық бастама орталығы елордада орналасқан және облыстық, аудандық, тіпті ауылдық деңгейдегі белсенділердің өзіндік желілік құрылымы мен тармақталған бөлігі түрінде ұсынылған.