Атап айтқанда, "S Sistem Logistics Services Co." компаниясының басшысы Хусейн Барлинмен келіссөздер жүргізілді.  

Хусейн Барлин транзитті арттыруға, тауар айналымын ұлғайтуға, сондай-ақ заманауи логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру арқылы Қазақстан арқылы тауарларды жеткізу мерзімдерін қысқартуға бағытталған инвестициялық жобаларды Қазақстан аумағында іске асыруға мүдделілігін атап өтті.

Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов пен Хусейн Барлин "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы шеңберінде әуе-жүк терминалының құрылысы" инвестициялық жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.

 «S Sistem Logistics Services Co." түрік логистикасындағы, соның ішінде әуе жүк тасымалдарындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов Gümrük ve Turizm Işletmeleri Ticaret A. Ş (GTI) компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Компания шекараны кесіп өтетін түрік пункттерін жаңғыртумен, оның ішінде сервистік инфрақұрылым құрумен айналысады.

Сондай-ақ, GTI компаниясы өткізу пункттерін салу және басқару бөлігінде трансшекаралық сауда орталықтарын іске асыру жөніндегі жобаларға қатысуға қызығушылық білдірді. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы қолданыстағы өткізу пункттерін жаңғыртуға қатысуға дайын екенін хабарлады.

Анықтама:

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызда 1,5 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 84,9% - ға жоғары (0,8 млрд. АҚШ долл.).

2022 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстаннан Түркияға экспорт 2,3 есеге өсіп, 1,2 млрд. АҚШ долл. құрды.

2022 жылғы қаңтар-наурызда Түркиядан Қазақстанға импорт 8,2% - ға төмендеп, 236,6 млн. АҚШ долл. құрды.