«Республикалық референдум туралы» Конституциялық Заң бойынша референдумға шығарылатын мәселе, егер ол үшін өңірлердің  кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Айта кетейін, қазір Қазақстанда 17 өңір бар. Жаңа 3 облысты құру туралы Жарлық ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі. Осылайша референдумға 17 өңір қатысады. Оның үштен екісі 11 өңірді құрайды. Осыған байланысты Конституцияға түзетулерді қабылдау толығымен халықтың еркіне байланысты болады», - деді вице-министр.