«Жоба бойынша Президент квотасы 15-тен 10 депутатқа дейін қысқартылады, оның 5-ін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынады. Ал Мәжіліс депутаттары қазір тек саяси партиялар арқылы және Ассамблеядан сайланады. Осы Ассамблеяның квотасын – 9 депутаттық мандатты алып тастау ұсынылады, яғни Мәжілісте 98 депутат болады. Бұл 98 депутат аралас жүйе бойынша сайланады: депутаттардың бір бөлігі партиялық тізімдер арқылы, екінші бөлігі кандидатты халықтың тікелей сайлауы арқылы сайланатын болады», - деп түсіндірді Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде. 


Мұндай модельде депутаттың өкілеттігін тоқтату да аралас түрде болады: олар кандидатты партиялық тізімнен шығару, саяси партияны тарату немесе депутатты сайлаушылармен кері қайтарып алу.  


Вице-министр барлық деңгейлерде қолданылатын императивтік мандатты енгізуге ерекше назар аударды. Императивтік мандат дегеніміз егер депутат қоғамның сұранысын қанағаттандырмаса, сайланған депутатты (бір мандатты округ бойынша) алып тастау мүмкіндігін енгізу. Қазіргі таңда ол 100% аудан деңгейінде, 50% облыс деңгейінде және 30% мәжіліс деңгейінде атқарылуы мүмкін болады.  


Бұл сайланған депутаттардың жауапкершілігін арттыру тетігі және олар жариялаған сайлау бағдарламаларын іске асыруға ынталандыру болып табылады.