Белгілі қазақстандық режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов өзінің үздік әңгімелерін органның сүйемелдеуімен оқыды. Жазушы мен музыканттың ерекше дуэт көрермендерді болмысымызды көрсеткен өмірге саяхатқа жетеледі.

Ермек Тұрсынов Абай философиясы мен Бельгердің шеберлігін бойына сіңірген қазіргі қазақ зиялылар тобының өкілі деуге болады. Оның Ұлы даладан шыққан, дарынды қолбасшы Бейбарыс туралы баяндайтын «Мамлюк» романы нағыз бестселлерге айналды.

Бұл шара - әдеби қаламды классикалық музыка жауһарларымен үндестірудің бірегей форматы. Әлемге әйгілі орындаушы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Ресей, Беларусь, Молдова, Украина, Германия, АҚШ, Оңтүстік Кореяда гастрольде болған органшы Ғабит Несіпбаев Вивальди, Кребс, Клерамбо, Бах, Пахельбель, Марчелло туындылары мен транскрипцияларын орындады.

Ермек Тұрсыновтың кітаптарының көбі шағын, қысқа, жарқын бейнелерге толы әңгімелерден тұрады. Шығармалар автобиографиялылығымен құнды: өмір өрнектері бақылаулар, әсерлер, естеліктер негізінде қалыптасады. Автор бірегей стильге ие, жеңіл әзіл де ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Бұл жолы жазушы әдеби миниатюраларын өзі оқыды. Ермек Тұрсынов қазіргі қазақ шығармашыл зиялыларының аса көрнекті өкілдерінің бірі. Оның фильмдері ел ішінде ғана емес, шетелде де кеңінен танымал. Ал әдеби еңбектері шет тілдеріне аударылып, бірнеше рет басылып шықты. Сонымен қатар, ол өзінің азаматтық ұстанымымен және шынайылыққа деген өзіндік көзқарасымен танымал.