Әлемде болып жатқан ағымдағы жағдай аясында клуб отырысы барысында инвестицияларды тарту, өңірдегі герман компанияларының өкілдігін кеңейту, экономикалық дамуға дағдарыстың жағымсыз салдарын азайту, сондай-ақ экономикалық әріптестікті тереңдету контексінде жаңа тәсілдерді әзірлеу бойынша шараларға ерекше назар аударылды. Іс-шара ҚР СІМ Инвестиция комитеті, ҚР ГФР-дағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST ҰК» АҚ және Герман экономикасының Шығыс комитетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Өзінің құттықтау сөзінде Р. Василенко «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» Жолдауында баяндалған саяси реформалардың негізгі бағыттары, сондай-ақ ел басшылығының экологияны жақсарту және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, инвестициялық ахуалды арттыру, Қазақстан экономикасын әртараптандыру және жаңғырту жөніндегі стратегиялық бастамалары туралы хабардар етті. 

Өз кезегінде Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, адал бәсекелестікті, экономикалық еркіндікті, макроэкономикалық тұрақтылықты ынталандыруға, экономиканы әртараптандыруға, адами капиталды және өңірлерді дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды реформалауға бағытталған экономикалық саясаттың жаңа тәсілдері туралы айтып берді.

Герман спикерлері өз сөздерінде Қазақстан-Германия ынтымақтастығының, оның ішінде «жасыл» экономика желісі бойынша дамудың, ауыл шаруашылығы, логистика және көлік саласындағы әріптестікті дамытудың оң динамикасын атап өтті. Бизнесмендерінің пікірінше, Қазақстанның әртараптандырылған энергия көздері, логистика және елеулі табиғи ресурстар сияқты тартымдылық факторлары бар. Бұдан басқа, Қазақстанда өндірілетін шикізат Германия экономикасын цифрландыру және декарбонизациялау, Еуропа елдеріне аса маңызды пайдалы қазбаларды жеткізу тұрақтылығын арттыру процесінде пайдаланылуы мүмкін.

Іс-шара барысында герман тарапынан ГФР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсен, Герман экономикасы Шығыс комитетінің Бас басқарушы директоры Михаэль Хармс, «Deutsche Bank» Солтүстік және Шығыс Еуропа бойынша Бас директоры Йорг Бонгартц, «Rhenus Logistics» компаниясының Басқарма мүшесі Михаэль Виферс, Агробизнес Германия Альянсының Орталық Азия бойынша спикері Дирк Штратман және «EMAG» компаниясының Басқарма мүшесі Матиас Кляйн сөз сөйледі. Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов қатысты.

Жалпы іс-шара жұмысына Қазақстан мен Германияның 70-ке жуық үкіметтік және іскерлік топтардың өкілдері, оның ішінде салалық және өңірлік бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, Siemens, Rhenus Logistics, Deutsche Bahn, Deutsche Bank, SAP, Herrenknecht, EMAG, EOS, Knauf, Gips, Linde, Svevind, AUGENTIC және т. б. сияқты жетекші неміс компанияларының басшылары қатысты. 

Панельдік пікірталас барысында оның қатысушылары экономиканың жоғары технологиялық секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және мамандарды оқыту, сондай-ақ Еуропадағы геосаяси жағдайды ескере отырып, шешімдер мен қиындықтарды талқылады.

Анықтама:

Берлин Еуразиялық клубы 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және ГФР-дың бұрынғы Вице-канцлері, Сыртқы істер министрі Ханс-Дитрих Геншердің бастамасымен құрылды. БЕК экономиканың түрлі салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдар, бизнес өкілдерінің, ГФР және Еуропаның басқа да елдерінің сарапшылары мен практиктерінің қатысуы үшін ашық бейресми диалог платформасы.