Мониторингте республикалық және өңірлік баспа БАҚ, телеарналар, отандық және шетелдік интернет-ресурстар қамтылған.
2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1 бабының 1-1 тармағына сәйкес уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурстар мен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды.
Бұзушылықтардың түрлері бойынша:
- экстремизмді насихаттау – 5;
- порнографияны тарату – 133;
- есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау – 20;
- ойын бизнесі – 272;
– жарнама – 24;
- әкімшілік құқық бұзушылық – 4;
- алаяқтық – 197;
- баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 18.
Бұдан басқа, Комитет БАҚ-ты есепке қою бойынша жұмыс жүргізеді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанда 22 БАҚ тіркелген, оның 7 мерзімді баспа басылымдары, 14 ақпараттық агенттіктер және желілік басылымдар. (6 АА, 8 ЖБ) 1 шетелдік телеарна.
Сондай-ақ, 38 БАҚ қайта есепке алынды.
Осылайша, 2022 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша: Қазақстанда 5173 БАҚ тіркелген, оның ішінде 3672-сі мерзімді баспа басылымдары, 191-і телеарналар, 84-і радио, 948-і ақпараттық агенттіктер және желілік басылымдар. (533 АА, 415 ЖБ).
Отандық БАҚ – 4895
Шетелдік БАҚ - 278.
Тіркелген БАҚ-тың жалпы санының ішінен ең көбі – 3672 – баспа тобы; оның ішінде 2179 газет және 1493 журнал.