"Біздің елдерде ревматикалық аурулардың әлеуметтік маңызы өте жоғары және ол таралуымен, созылмалы ағымымен, прогрессия мен мүгедектікпен шартты. Конгресстің басты міндеті ревматикалық ауруларды емдеудің заманауи әдістерін енгізу және ерте диагностикалау мәселелерін бірлесіп шешу болып табылады", - деді А.Ғиният.

Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандандырылған ревматологиялық көмектің сапасын ұйымдастыру нысандарын жетілдіру, практикалық денсаулық сақтауға диагностиканың, емдеу мен оңалтудың заманауи әдістерін енгізу жолымен арттыру бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Министрдің айтуынша, бүгінде ревматологиялық аурулардың клиникалық-шығынды топтарының тарифтерін арттыру, ревматологиялық көмекті ұйымдастыру стандартын өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Стандарт аясында көпбейінді ауруханаларда жүйелі аутоиммунды және иммундық-қабыну аурулары бар пациенттердің биологиялық препараттарымен гендік-инженерлік терапия кабинеттерін ұйымдастыру қарастырылған, деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ ревматология қызметінің жұмысын үйлестіретін республикалық ревматология орталығын ұйымдастыру жөніндегі бастаманы қолдады.

"Аталған орталықты құру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасына енгізілген. Қазақстандық ревматология алқасының ғылыми медициналық орталықтармен ынтымақтастығы және өзара іс - қимылы еліміздің барлық өңірлерінде халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, бұл сырқаттанушылықтың, мүгедектік пен өлімнің төмендеуіне әкелетіні сөзсіз", - деп хабарлады А.Ғиният.

Сөз соңында ол VI Еуразиялық ревматологтар Конгресі отандық медицина мен ғылымның одан әрі дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.