«Биыл су акваторияларын қамтуды ұлғайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрліктің қосымша 45 құтқару бекеттері қойылатын болады. Бұдан басқа, әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар күшімен 316 нысанды құтқару бекеттері жабдықталады»,- деді спикер.
Коммуналдық және жеке жағажайларда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін 104 медициналық пункт жұмыс істеуге дайын.