Теңіз жануарлары мен балықтары табылған жерден су мен ауа сынамалары алынды. Еске салсақ, осы жылдың сәуір айының соңында Каспий теңізінің жағалауында Түпқараған ауданында өлі итбалықтардың 97 ұшасы табылған болатын.

Ғылыми ведомстволар қызметкерлерінің ақпараты бойынша, зерттеу нәтижелері, сондай-ақ жануарлардың өлімінің болжамды себептері зерттеу жүргізілгеннен кейін бір ай ішінде жарияланады.

Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының инспекторлары Каспий теңізінің жағалау аймағы мен басқа да учаскелеріне мониторинг жүргізуде.

Байланыс үшін: +7 (778) 405-93-21 Аслан Жеңісұлы

@EcologyofQazaqstan

t.me/EcologyofQazaqstan/694