«Биыл «СК-Фармация» базасында құны 20 млн теңгеден асатын медициналық техниканы орталықтандырылып сатып алу жүзеге асырылады. Сатып алу процессі ашық болу үшін Электрондық қаржы орталығының порталында автоматты түрде жүргізіледі. 2023 жылдан бастап басым бағыттар бойынша медициналық техникамен жабдықтау үшін Қазақстан Республикасында өндірісті оқшаулау жағдайында ұзақ мерзімді келісім-шарттарын енгізу жоспарлануда. Қазіргі кезде шетелдік және отандық өндіріс орындарымен келіссөздер жүргізілуде», - деді спикер.  


А.Ғиният Мемлекет басшысының ел халқына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалары министрліктің ерекше бақылауында және олардың орындалуы көрсетілген мерзімде қамтамасыз етілетінін атап өтті.