«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Болашақ ұрпақтың үйлесімді дамуына әрқайсымыз жауаптымыз. Негізі балалардың тәрбиесі тілден басталады. Неге «Nickelodeon» және «TiJi» каналдары таңдалды? Бұл қазақ тілінде мультипликацияны көрсететін бәсекелестікті дамыту мақсатында жасалып отыр. Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша, негізінен қазақ тіліндегі контент, балаларға арналған мультфильмдер көрсетілетін «Балапан» арнасы 1-орында, содан кейін «Nickelodeon» және «TiJi», «Cartoon Network», «Карусель», «Малыш» арналары тұрғаны анықталды. Айта кетейік, «Nickelodeon» мен «TiJi» арналары әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке бейімделген. Бүгінде «Nickelodeon» арнасы 180, «TiJi» - 20 елде таратылады. Қазіргі уақытта мультфильмдерің 800 жуық сағаты қазақ тіліне аударылды», - деді вице-министр.