Оның айтуынша, 4000-нан астам кен орны жер қойнауын пайдалануға берілген және қазіргі уақытта мемлекетке табыс әкеліп, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді.  


«Бұл факт елге инвестициялардың келуіне себеп болды. 1996 жылдан бастап Қазақстанға тартылған 73 трлн теңгенің 70% - дан астамы мұнай-газ секторына бағытталды, яғни 52,2 трлн теңге және тау-кен секторына - 27%, яғни 19,5 трлн теңге. Ең көп инвестициялар мұнай, полиметалдар, мыс, алтын, темір, уран, көмір сияқты пайдалы қазбалардың басым түрлеріне бағытталған. Бұл ретте геологиялық барлауға салынған қаражат үлесі шамамен 4 трлн теңгені құрайды»,-деді экологиялық ведомство өкілі.