«Атап айтқанда, биыл Шығыс Қазақстан облысындағы Қара-аяқ және Мунча учаскелерінде сирек кездесетін металдарды анықтау жұмыстары жалғасуда және 12 жаңа учаскеде сирек кездесетін металдарды анықтау перспективаларын белгілеу бойынша жұмыстарды бастау көзделген. Минералдық-шикізат базасын нығайтуда геологиялық барлау жұмыстарын қоюдың озық ғылыми негіздемесі ерекше рөл атқаратынын атап өткен жөн. Осыған байланысты, алдағы 5 жылда бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында терең жатқан объектілерді болжау және ғылымның қазіргі заманғы жетістіктері негізінде жаңа кен орындарын ашу үшін ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланған», - деді спикер.

 
Биыл бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың 3 жобасын Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті және У. М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты жүзеге асырады. 

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты қатты пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және болжау өлшемдері мен орналастыру заңдылықтарын талдай отырып, қатты пайдалы қазбалардың атласын әзірлеуде. Атлас геологтар мен инвесторлар үшін жолсілтеме болады», - деп түйіндеді комитет басшысы.