Сондай-ақ, «Ұлттық деректер банкі» жобасын іске асыру шеңберінде геологиялық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарланған. Ол жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мемлекеттік деректер банкінің жинақталған деректерін, пайдаланушылармен онлайн режимінде бірыңғай терезе қағидаты бойынша жұмысты қамтиды.  


Қазақстан Республикасының Үкіметі де, ұлттық компаниялар да, инвесторлар, жер қойнауын пайдаланушылар, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары да халықаралық стандарттарға сәйкес келетін дәйекті, сапалы және цифрланған геологиялық ақпаратты тұтынушылар болып табылады.  

«Қаулыға сәйкес, бүгінде жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысуымен «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін «Қазақстан Республикасының Ұлттық геологиялық қызметі» АҚ етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келесі кезеңде оған белгіленген тәртіппен «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ қосу жоспарлануда. «Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС мен «Қазгеология» АҚ қосылуы халықаралық стандарттарды пайдалана отырып, саланың басым бағыттарын ескере отырып, Ұлыбритания, Канада, Финляндия сияқты алдыңғы қатарлы шет елдердің тәжірибесі бойынша міндеттер спектрін әлдеқайда кең және өзекті етеді», - деп атап өтті спикер. 


Құзырет орталығы болатын құрылғалы отырған қызметтің негізгі қызмет түрлері: ғылым, жаңа технологиялар, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, сервистік көрсетілетін қызметтер, керн қоймасы, сапалы зерттеулер жүргізу үшін халықаралық аккредитациясы бар зертханалар; геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, жүйелеу және ұсыну үшін қорда сақтау; инвестициялық блок – жоғары іздестіру жүйелері бар инвестициялық жобаларды қалыптастыру; жер қойнауының перспективалы учаскелерін сатып алу; мемлекеттік мониторинг; Ұлттық деректер қоры – «Kaznedra» бірыңғай платформасында барлық бизнес-процестерді автоматтандыру.