Грек депутаты шақыруды ризашылықпен қабыл алып, Қазақстанның дінаралық диалогты дамытудағы қосқан үлесін құптады. Осы тұрғыда М. Харакопулос 2007 жылғы 20-23 маусымда Астана қаласында Православие парламентаралық ассамблеясы Бас ассамблеясының 14-ші отырысын өткізу шегіндегі Қазақстанмен жемісті ынтымақтастықтың оң тәжірибесін атап өтті.

Сонымен қатар, парламентші 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу аясындағы грек депутаттарының делегациясы құрамында Қазақстанға шеккен сапарына қатысты жылы лебізін білдірді. Грекия Парламентінің Мемлекеттік басқару, қоғамдық тәртіп және сот төрелігі жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы ретінде М.Харакопулос Қазақстанда саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда жүргізіліп жатқан реформаларға қызығушылық танытты.

Өз кезегінде Е. Баударбек-Қожатаев 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумның өткізілетіні туралы хабардар етіп, «Жаңа Қазақстан» құрудағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылатын жалпы халықтық дауыс беру рәсіміне шығарылған ауқымды реформалар пакетінің маңыздылығын атап өтті.