Қазақстан Елшілігі Түркі мемлекеттері ұйымына мүшемен бақылаушы мемлекеттердің Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан мен Мажарстанның дипломатиялық миссияларымен бірлесіп, халық музыкасының салтанатты концертін өткізді. Іс-шара аясында түркі елдерінің мәдениеті, салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары ұсынылды.

Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Гисмат Гозалов, литвалық ресми тұлғалар, Сеймнің депутаттары, іскер және академиялық топтардың өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қазақ диаспорасы, сондай-ақ Литвада аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде ҚР Елшісі Виктор Темірбаев «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының Қазақстан халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемінің рухани мұрасын жаңғыртудағы рөлі туралы айтып берді.

Қазақстандық дипломат шетелдік аудиторияға Ахмет Байтұрсынұлы, Роза Бағланова және Мұхтар Әуезов сияқты көрнекті мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің өмір жолы мен мұрасы туралы ақпарат берді.

Концерттің құрметті қонағы – қазақстандық өнерпаз Гүлниза Жұмажанова іс-шара қонақтарын күйлермен, домбыра үндерімен, қазақтың халық әндерімен тәнті етті. Іс-шараға әзірбайжандық, мажар және түрік өнерпаздары да қатысты.

Қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, қазақтың ұлттық киімдерін тамашалап, еліміздің туристік әлеуетімен танысты.