Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхаметжанов қатысушыларды 2022 ж. 5 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның негізгі қағидаларымен таныстырды.

Отандық дипломат еліміздің Ата Заңына мемлекеттік басқару моделін өзгертетін, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнататын, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтетін елеулі өзгерістер енгізіліп жатқанын атап өтті.

Пікірталас барысында сарапшылар Қазақстанның өз дамуының теңдессіз кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Бұл, әрине, қоғам күткен өзгерістер, өйткені азаматтар өз игіліктері үшін атқарылып жатқан мемлекеттік іс-шараларға ат-салыса алады, деп қорытындылады грузиндік саясаткерлер.

Грузия конституциялық жаңғыруының өз үлгісінде кезең-кезеңімен суперпрезиденттіктен парламенттік республикаға жолдан өтті. Осыған орай,  грузин сарапшыларының пікірінше, қазіргі транзиттік қиылыста Қазақстанға сыртқы және ішкі тәуекелдерді теңдестіру маңызды.

Сарапшыларйй нақты саяси реформаларсыз экономикалық өзгерістерде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу қиын екенін атап өтіп, жоспарланып отырған конституциялық референдум - Қазақстанның мемлекет басшысының саяси бағдарламасының қисынды жалғасы, деп көрсетті.

«Грузияның стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының» басшысы Нодар Харшиладзе: «Қазақстан өңірдегі көшбасшы бола отырып, өзінің дамуының бірінші кезеңін табысты аяқтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған Екінші Республика мемлекеттік құрылымның өзгеруін және жаңа саяси модельге көшуді білдіреді. Бұл даму мен демократияға апаратын тікелей жол»-деді.

«GSAC» атты стратегиялық талдау орталығының сарапшы-саясаттанушысы Гела Васадзенің пікірінше: «Қазақстанның алдында қазіргі геосаяси жағдайды ескере й, өте күрделі міндеттер тұр, сондықтан жүргізіліп жатқан саяси реформалар уақтылы. Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі рөлі өте маңызды, орасан зор саяси және экономикалық ресурстарға ие бола отырып, еліміз өңірлік держава рөліне үміткер бола алады».

 Саяси ғылымдарының докторы, Кавказ Халықаралық университетінің профессоры Вахтанг Маисая өзінің сөзінде өтпелі кезеңде Қазақстан тәуелсіз мемлекетін құру үшін келесі бес қағидатқа арқа сүейегенін тілге тиек етті: 1. Өз күші. 2. Жас ұрпақ. 3. Өңірлік көшбасшылық. 4. Тікелей билік негізінде регионализмнің дамуы. 5. Ұлтжандылықтың өрбуі.

«Енді бүгін Қазақстан өз дамуының жаңа дәуіріне аяқ басты және қайта құрулар мен өзгерістер азаматтық қоғамға, саяси партияларға, ел өңірлеріне, күштік құрылымдарға оң әсерін тигізетін болады, бұл жағдай мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрмет пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастыратынын айғақтайды», - деп атап өтті грузин саясаттанушысы.

Халықаралық құқық докторы, «GSAC» стратегиялық талдау орталығының мүшесі болып табылатын поляк саясаттанушысы Анджей Климчик Польшаның конституциялық тарихы туралы айтып, өз елінің жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы тәжірибесіне назар аударуды ұсынды.

Іс-шара ашық пікірталас форматында өтті. Жалпы, грузин сарапшылары халық пен елдің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Қазақстанда жүргілізіп жатқан ауқымды реформаларға оң баға берді. Олардың пікірінше, жаңа Конституция ұлттық бірегейленуді күшейтуге де көмектеседі.