Оның айтуынша, бүгінде бірқатар бағдарламалар бойынша бір орынға 7, 10, 15 азамат өтініш береді. Қатысушылар байқаудың арнайы талаптарына сай болуы керек.  


«Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы 15 маусымға қарай басталады. Оған 51 млрд теңге бөлінді. Индустрия министрлігімен, құрылыс істері жөніндегі комитетімен тығыз жұмыс жүргізілуде. 5 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды деп отырмыз. Бірақ өтініштер одан артық болатын шығар», - деді басқарма төрайымы. 


Айта кетейік, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша халықтың үш санаты баспана ала алады: көпбалалы отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар. Банк мөлшерлемесі - 2 %, алғашқы жарна 10 %.