Екінші күні Шафхат Өтемісов Мұнайлы ауданының Басқұдық, Баянды және Маңғыстау ауылдарында, Қарақия ауданының Құрық, Мұнайшы және Жетібай ауылдарында болып, учаскелердің дауыс беруді өткізуге дайындығын тексерді.

24 мамырда Орталық референдум комиссиясының мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина елордалық филармония ғимаратында семинар-кеңес өткізді, онда келесі мәселелер қаралды:

1. «Республикалық референдум: өзектілігі, ерекшеліктері және референдум дайындау»;

2. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы»;

3. «Республикалық референдум қарсаңындағы үгіт мәселелері туралы»;

4. «Республикалық референдум туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері туралы»;

5. «Әкімдіктің дауыс беруге арналған учаскелерді материалдық-техникалық жарақтандыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасау, республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдерін референдум комиссиясына беру жөніндегі жұмысы туралы»;

6. «Республикалық референдумда дауыс беру тәртібі туралы».

Кеңеске Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы, Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы, әділет департаменті басшысының орынбасары, қала прокуратурасының өкілі, аумақтық референдум комиссияларының мүшелері қатысты.

Кеңес шеңберінде практикаға бағдарланған әдістерді қолдана отырып, комиссия мүшелерін даярлау бойынша оқыту тренингі өткізілді. Кәсіби құзыреттер «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны түрінде пысықталған.

Сонымен қатар 24 мамырда Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова Қарағанды облысына келді. Сапар аясында Осакаров ауданы Есіл ауылының №656 учаскелік референдум комиссиясының мүшелерімен диалог жүргізілді. Осакаров ауданының әкімдігінде Анастасия Щегорцова референдум комиссияларының мүшелерімен және мүдделі қызмет өкілдерімен республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселесі бойынша семинар өткізді.

Сондай-ақ Осакаров кентінің № 651, 652, 653 учаскелік референдум комиссияларының мүшелерімен кездесу болды, онда аумақтық референдум комиссиясы қабылдаған шаралар мен учаскелердің дайындығы нақты тексерілді.