Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Министрмен кездесу барысында өңірді цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесімен таныстырды.
Облыс әкімі: "Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде цифрлық трансформацияға ерекше көңіл бөлінуде",- деп атап өтті.
Бүгінде Ақтөбе облысында 322 ауылдық және елді мекеннің 226-на мобильді байланыс орнатылған. Қалған 96 ауыл 2024 жылдың соңына дейін байланыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтер сапасын көтеру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.
"Ақтөбе облысы биыл жұмыс бабымен келген алғашқы облысым. Менімен бірге цифрландыру саласымен айналысып жүрген бірқатар компаниялардың басшылары келді.
Біз мұнда ағымдағы жағдаймен танысуға, істің жағдайын сол жерде білуге, халықты тыңдауға келдік",- деді Бағдат Мусин.
Цифрлық ведомство басшысы өңірде цифрлық трансформациялау бойынша жұмысты күшейту және Ақтөбені Smаrt sity жағына дамытуды атап өтті. Қазіргі уақытта қала ақылды қала рейтингінде 8 орынды иеленгенін және цифрлық трансформация арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктер берілгеніне сенімді.