Биыл Қазақстан мен Италия дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде. Ынтымақтастықтың үш онжылдығы ішінде елдер екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда тығыз байланыс орнатты.

Дипломаттар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымды бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға деген өзара қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтіп, үкіметаралық және парламентаралық байланыстарды дамытуға барынша жәрдемдесуге келісті және жоғары мен аса жоғары деңгейдегі өзара сапарларды ұйымдастыру жөніндегі жоспарларды талқылады. Осы тұрғыда тараптар Қазақстан СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердінің Италияға алдағы сапарына ерекше назар аударды.

Екіжақты саудамен және Қазақстанға тікелей итальяндық инвестициялар құйылуының оң серпінін назарға ала отырып, осы бағыттағы әріптестікті одан әрі тереңдету қажеттігіне ерекше назар аударылды. Италия Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі болып табылады. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 2021 жылы Италиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 122,8 млн АҚШ долларын, ал елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 2021 жылы 9,6 млрд АҚШ доллар (экспорт 8,8 млрд АҚШ долл. және импорт 0,8 млрд АҚШ доллар) құрады.