Қазақстан Елшісі Теміртай Ізбастин қатысушыларды еліміздің саяси жүйесін жаңғырту жөніндегі реформалар жиынтығымен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жаңа Қазақстанды» құру шеңберіндегі ауқымды өзгерістер бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырып, Ата заңға түзетулер енгізу жөніндегі 2022 жылғы 5 маусымда өтетін жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті. 

Ресей және ТМД елдерінің халықтарымен достық федерациясының төрағасы Захари Захариев ҚР Президентінің жүргізіп жатқан реформаларын құптады. Оның айтуынша, Конституцияға енгізілетін түзетулер «қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыруға серпін береді және елдің сот және құқық қорғау жүйелерін жетілдіруге ықпал етеді». 

Өз кезегінде, болгар жетекші саясаттанушылардың бірі, Варна еркін университетінің профессоры Нина Дюлгерова «реформалар қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында елді дамуында жаңа сапалы деңгейіне шығаратын саяси жүйенің ауқымды өзгерістерін айқын көрсетеді» деп қосты. 

Болгариялық журналист Г. Вацов «Қ.Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі Конституцияға енгізілген түзетулер аясында өзінің ауқымы бойынша теңдессіз реформаларды жүзеге асыратын жалғыз мемлекет» екенін ерекше атап өтті. 

Кездесу соңында болгар сарапшылары жоспарланған реформаларды жүзеге асыруға бағытталған алдағы референдумды сәтті өткізуге және Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуіне тілек білдірді.