Тараптардың пікірінше, ИСЛК құру екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар екі ел өндірушілері мен кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды жандандырады және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ресми сапар барысында «Алатау» ИСЛК инфрақұрылымына инвестиция тарту бойынша меморандумға қол қойылды.

Айта кетсек, бірлескен ИСЛК құру және оның жұмыс істеу тұжырымдамасы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 27 қарашадағы Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапарының және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бесіші отырысының қорытындылары бойынша екі ел басшыларының тапсырмасына сәйкес әзірленді. 

Анықтама: 

Қырғыз Республикасы – Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі. Елдер арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызда $206,3 млн-ды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға жоғары ($200,6 млн). 2022 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт 14,1%-ға төмендеп, $122,2 млн-ды құрады. 2022 жылғы қаңтар-наурызда Қырғызстаннан Қазақстанға импорт 44,2%-ға өсіп, $84,1 млн-ға жетті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы шамамен $1 млрд-ты құрады. Ендігі мақсат - бұл көрсеткішті $2 млрд-қа дейін жеткізу.