Асқар Ниязов рет-ретімен жауап берді. Біріншіден, Қазақстанда кедейлік шегі экономикалық мүмкіндіктерге сәйкес бекітілген және әрекет етеді. Екіншіден, ол азаматтардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін шекте бекітілген. 


«Яғни, біз жәрдемақы мөлшерін көтермеуіміз керек және сол арқылы адамдардың белсенділік әлеуетін төмендетпеуі үшін оларды үйде отырғызбауымыз керек. 2019 жылы жәрдемақы мөлшері арттырылғанда АӘК алу үшін кірістерді жасыру, жұмыстан босату, отбасындағы ажырасу фактілері көп болды. Мысалы, күйеуі отбасында жұмыс істейді. Табыс артқандықтан АӘК ала алмайды. Олар АӘК алу үшін әйелімен өтірік ажырасады. АӘК өмір сүру және әлеуетті арттыру үшін қолайлы деңгейде болуы керек. Сондықтан ол 2018 жылдан бастап екі түрге бөлдік: шартты және шартсыз. Шартты - мемлекет адамды жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелерді өз мойнына алған кезде. Егер адам бас тартса, яғни кедейліктен өз бетінше шығуға мүдделі болмаса, үйде отырғысы келсе және жәрдемақы алғысы келсе, біз бұған жол бермейміз: АӘК бұл отбасына тағайындалмайды», - деді спикер ведомствоның қағидатты ұстанымын жеткізе отырып.  


Айта кетейік, әлем мойындаған Қазақстандағы сатып алу қабілетінің көрсеткіші өңірге байланысты күніне 2,2-2,5 долларға тең. Ең кедей елдерде - бұл күніне 1 долларға тең. Дамушы елдерде - 1,9 -2,5 доллар. Неғұрлым дамыған елдерде - 5,5.  
Еліміздегі кедейлер санына келетін болсақ, 2021 жылы олар 60 мыңға артты. Еңбек министрлігі өкілінің айтуынша, бұл пандемияның салдары.