Т. Пірімбетов 2022 жылғы 5 маусымда елімізде өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдумға дайындық барысы туралы айтып берді.  Елші конституциялық реформа жүйелі сипатқа ие екенін және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды саяси реформаларды іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Референдумға қойылатын мәселелер билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы теңгерімін қалыптастыру және мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру мақсатында қолданыстағы саяси модельдің тұжырымдамалық трансформациясына қатысты.

Өз кезегінде, К.Берзиня Қазақстан ОСК Төрағасының шақыруымен латвиялық тарап елімізге референдумның халықаралық бақылаушылары ретінде екі өкілді жіберетінін хабарлады. Латвия ОСК басшысы ағымдағы жылдың 1 қазанында өтетін Латвиядағы парламенттік сайлауға дайындық барысы туралы да айтты.

Кездесу соңында тараптар екі елдің сайлау комиссиялары арасындағы сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға жоғары мүдделілігін растады.