Елші өз сөзінде Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың негізгі кезеңдері туралы айтты. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аударылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 138,7 миллион долларды құрап, 2020 жылғы көрсеткіштен 19 пайызға артты. Мажарстанға қазақстандық өнімдердің экспорты 15,4 млн долларды (өсім 40%), Мажарстанның Қазақстанға импорты 123,3 млн долларды (16,3%) құрады. 2005 жылдан бері Мажарстанның Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициясының көлемі 270 миллион долларды құрады.

Қазақстандық дипломат мажарлық аудиторияны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі бастамасы бойынша жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы жалпыұлттық референдум туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, реформаның мәнін түсіндірді.

Жоспарланған конституциялық өзгерістер кәсіпкерлер арасында үлкен қызығушылық пен пікірталас тудырды. Іс-шараға қатысушылар Қазақстандағы демократиялық реформалардың жаңа бағытын қолдайтындарын айтып, президенттік бағдарламаның өзектілігін атап өтіп, Қазақстан халқына референдум өткізуде және жоспарларды жүзеге асыруда табыс тіледі.

Өз алдына Қазақстан Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Оман Сұлтаны Кеңсесінің Министрі генерал лейтенант Сұлтан әл-Нуаманимен кездесті.

Кездесуде 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы толыққанды ақпарат берілді. Ата заңымызға енгізілетін түзетулер Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды оқиға екеніне баса назар аударылды.

Әл-Нуамани Қазақстандағы саяси реформаларға жоғары баға беріп, алдағы өзгерістер Қазақстанды жаңа даму жолына жетелейтініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай бір-бірін құттықтады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ атына 2022 жылғы 12-13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI Саммитіне шақыру хатының көшірмесі табысталды. Осы ретте, АӨСШК және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы шеңберіндегі өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бағыттары, оның ішінде сауда-экономикалық әріптестікті күшейтуін маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Аустрия астанасында конституциялық реформаға және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Аустрияның сарапшылар қауымдастығының, жергілікті қоғамдық-саяси және бизнес топтарының өкілдері қатысты. Қазақстан дипломаттары қатысушыларды еліміздің саяси жүйесін жаңғырту жөніндегі реформалар пакетімен және ауқымды өзгерістер бағдарламасымен таныстырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жаңа Қазақстанды» құру аясында 2022 жылғы 5 маусымда еліміздің Ата заңына түзетулер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтетіні туралы толық ақпарат берілді.

Өз кезегінде аустрия сарапшылары парламенттің рөлін күшейтуге және халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформалардың уақтылығы мен өзектілігін атап өтті. Сарапшылар конституциялық өзгерістер елді заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығаратынына сенім білдірді. Дөңгелек үстелдің күн тәртібі іс-шара қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Сонымен бірге, аустриялық жетекші сарапшылары Қазақстандағы конституциялық реформалар процесін құптап, Қазақстан басшылығына толық қолдауын білдірді.

Бұл тұрғыда, Вена қаласындағы Қолданбалы саяси экономика институтының ғылыми директоры және Вена академиктер одағының сарапшысы Христиан Цайц «көптеген халықаралық байқаушылар атап өткендей, Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзім ішінде өршіл реформалар жобаларымен мақсатты түрде айналыса алды. Жаңа конституцияның күшіне енуі құқықтық салдарларды қамтамасыз ету, биліктің бөлінуі және заңның үстемдігі қағидаттарын нығайтады және сол арқылы Қазақстан мемлекетінің ұлттық және халықаралық деңгейде ынтымақтастыққа деген сенімділігі күшее түседі. Сондықтан конституцияның тиісті жобасымен келісімді таза ар-ұжданмен ұсынуға болады» деп пікір бөлісті.

Сонымен бірге, аустриялық талдау тобының өкілі Ахмед Радван «ҚР Президентінің елді жаңа заманауи оң болашаққа жетелеуге арналған ерік-жігері зор. Өлім жазасының күшін жою, конституциялық сот құру, ашық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және халық дауысының неғұрлым демократиялық құқығы Қазақстанның оң дамуын одан да елеулі етеді.

Менің Қазақстанға ұсынысым - жаңа конституцияны халық пен елге қолайлы етіп жүзеге асыра отырып, өз қағидаттары мен құндылықтарын сақтауды жалғастыру, себебі соңғы жылдардағыдай елді бірге қолдауды жалғастыру өте маңызды. Мен ұлы жоспарға, Қазақстан үкіметіне және Қазақстан халқына жақсылық тілей отырып, болашақта бұдан да оң оқиғаларды тағатсыздана күтемін».

Ал Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінде Қазақстандағы конституциялық реформаларға арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаев қатысушыларды ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын анықтайтын саяси реформалардың басым бағыттары атап өтілді.

«Негізгі заңға енгізілетін түзетулер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие болып табылады. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне қатысты болады. Біздің Конституция жаңа өлшемге ие болады», - деп Е.Сембаев атап өтті.

Өз кезегінде итальяндық сарапшылар Жаңа Қазақстанның құрылысына бағытталған қазақстандық бастамаларға оң баға берді. Сонымен бірге, конституциялық өзгерістердің кәзіргі заманғы жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында елді дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығаратыны және Қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруына әкелетіні атап өтілді.

Іс-шараға «Vision & Global Trends» халықаралық жаһандық талдау институтының президенті Т.Грациани, Жерорта теңізі зерттеулері орталығы директорының орынбасары С. Верноле, Италия институтының Азия бойынша бас хатшысы Д. Пальмиери, Рим университеттерінің жетекші доценттері мен профессорлары, сонымен қоса жергілікті БАҚ редакторлары қатысты.

Іс-шара соңында достық сұхбат өтіп, оның барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын, сонымен бірге мерейтойлық күнге орайластырылған ықтимал бірлескен жобаларды талқылады.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында эстониялық сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушылар, оның ішінде Эстонияның дипломатиялық, ғылыми және іскер топтарының өкілдері еліміздер арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың келешегімен қатар, Қазақстанда болып жатқан саяси және экономикалық қайта құрулар тұрғысында елдегі өзекті ахуалды талқылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру бойынша бастамашылық еткен ауқымды саяси реформаларды жүзеге асыру үшін қажетті ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 2022 жылғы 5 маусымда өтетін жалпыұлтық референдумға ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, іс-шараға қатысушылар ұсынылған өзгерістердің мазмұнына және заңнамалық инновациялардың күтілетін тиімділігіне қызығушылық танытты. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірін жетік білетін сарапшылардың пікірінше, референдум ел дамуының жаңа векторының көрсеткіші болып табылады және азаматтардың мемлекеттік құрылымды өзгертуге тікелей қатысуына мүмкіндік береді. «Азаматтардың елдің даму жолдарын талқылауға белсенді қатысуы қоғамның үмітін толықтай қанағаттандырады, өйткені халықтың еркін білдіруі нағыз демократияның белгісі», - деді Эстонияның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Яан Хейн.

Кездесуге қатысушылар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын да талқылап, Қазақстан мен Эстония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.