«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ өкілдерінің айтуынша, тұрмыстық секторда энергия тұтыну көрсеткішін төмендеуін тоқтату мүмкін емес. Десе де оның өсу қарқынын бәсеңдетуге ықпал етуге болады. Мамандардың пайымдауынша, азаматтар энергияны тұтыну мәдениетінің қарапайым ережелерін сақтауға дағдыланғаны жөн. Мәселен, институт мамандары жылуды сақтау үшін терезе жақтаулары мен есік ойықтарындағы саңылауларды бекітіп, көпкамералы шынылы пакеттері бар терезелерді орнату қажет. Бұл орайда жылу радиаторларын ауыстыру мен сыртқы қосымша есік орнатудың да айтарлықтай маңызы бар.

Энергия тиімділігін арттыру мақсатында қыздыру шамдарын энергия аз жұмсайтын шамдарға ауыстыру да үнемдеуге өз септігін тигізбек. Сондай-ақ «А»-дан төмен емес тұрмыстық аспаптар мен техниканы пайдаланғаны абзал. Осы ретте айта кетейік, электр плитасы жылына 1000 кВт* сағ., тоңазытқыш 400 кВт* сағ., теледидар 250 кВт* сағ., кір жуғыш машинасы 200 кВт* сағ. электр энергиясын жұмсайды.

Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты мамандарының пікірінше, өмір сүру сапасын төмендетпей-ақ электр энергиясын тұтынуды 40-50 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік бар. Ең бастысы – сауаттылық пен мұқияттылықта.