2022 жылғы 30 мамырда, Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.

Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 8 халықаралық ұйым мен 11 шет мемлекеттен 153 байқаушы ұсынылды. Оның ішінде: ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамында – 30 байқаушы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан – 40 байқаушы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Парламенттік Ассамблеясынан (ҰҚШҰ ПА) – 8 байқаушы, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан (ШЫҰ) байқаушылар миссиясының құрамында – 17 байқаушы, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) референдумды байқау жөніндегі Миссиясының құрамында – 20 байқаушы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан (ИЫҰ) байқаушылар делегациясының құрамында – 4 байқаушы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) пен Халықаралық Түркі Академиясынан– 3 байқаушыдан, сондай-ақ Армения, Қырғызстан, Латвия, Мажарстан, Нидерланд, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Ұлыбритания,Швеция және Жапониядан - 28 байқаушы аккредителді.

Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр күні сағат 18:00-де аяқталды. Республикалық референдумға халықаралық байқаушылар ретінде қатысу үшін Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 272 өкілін аккредиттеді.