«Референдум – бұл өте маңызды оқиға. Бұл еліміздің саяси мәдениетінің дамуының белгісі. Соңы рет Қазақстанда референдум 1995 жылы өтті. Референдумның екі түрі бар: міндетті және еркін түрде қатысуға болатын. Қазақстанда заң бойынша адамдар референдум еркін түрде ғана қатысады. Сондықтан  адамдарды қатысуға шақыру өте маңызды, әсіресе 18 жасқа толған азаматтарды. Елімізде сайлаушылар саны шамамен 12 млн құрайды. Заң бойынша олардың жартысы референдумға қатысса, яғни, 6 млн адам, онда референдум өткізілген болып саналады», - деді спикер.

 
ҚСЗИ өкілі референдум еліміздің саяси жүйесінің дамуына әсер ететін шешім болатындықтан, азаматтарды сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге шақырды.