Келіссөздер барысында тараптар екі мемлекет басшыларының Стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылған Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 10-11 мамырда Түркияға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институционалдық даму мәселелерін және трансформация процесін іске қосуды егжей-тегжейлі талқылады.

Түрік тарапы Азия кеңесінің халықаралық ұйым болып қайта құрылуына саяси қолдауын растап, халықаралық қатынастар дамуының қазіргі кезеңіндегі бұл қадамның ерекше өзектілігін атап өтті. АӨСШК-нің 2022 жылғы қазандағы Саммитіне дайындық барысы және оның мазмұнды толықтырылуы туралы пікір алмасылды.

Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылап, Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі ағымдағы мәселелер бойынша тығыз байланыстар орнатуға келісті.