Қазақстан делегациясын ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан басқарды.

Тараптар Ауғанстанға гуманитарлық қолдау көрсету бойынша қосқан ұлттық үлестерін егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ екіжақты және өңірлік бағдарламаларды бірлесіп іске асыру бойынша ұсыныстарды қарастырды.

Кездесу барысында ЕО қаржыландыратын және БҰҰ Даму бағдарламасы жүзеге асыратын ауған студенттері үшін Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанда білім беру бағдарламасын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Е. Қазыхан өз сөзінде қатысушыларды Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі ұстанымымен таныстырды, сондай-ақ Еуроодақпен ынтымақтастық арқылы өңірдегі қауіпсіздік пен орнықты дамуды нығайту бойынша нақты ұсыныстар енгізді.

ЕО және БҰҰ өкілдері конференцияға қатысушыларды Ауғанстандағы қазіргі жағдайы мен ауған халқына гуманитарлық және экономикалық көмек көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Осы тұрғыда кездесуге қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының (БҰҰ АЖМ) жаңартылған мандатын құптады.

Іс-шара аясында Е. Қазыханның БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі – Ауғанстандағы БҰҰ АЖМ басшысы Дебора Лайонспен, ЕО-ның Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Томас Никлассонмен және басқа да ресми тұлғалармен екіжақты кездесулері өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар бірлескен мәлімдеме қабылдады