Бағдарлама балаларға тиімді оңалтуға, қатар жүретін аурулардың даму қаупін азайтуға, дене және психоэмоционалдық көңіл-күйді жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл олардың қоғамда әлеуметтенуі үшін өте маңызды.
Спикердің айтуынша, қорға балалары техникалық оңалту құралдарына, соның ішінде экзоскелеттерге мұқтаж ата-аналардан 300-ден астам өтініш келіп түскен. Бағдарлама аясында жыл соңына дейін 13 экзоскелет шығару жоспарлануда, олардың 4-і үшін өлшемдер алынып, өндіріс процесі іске қосылды.
Спикерлердің айтуынша, «CyberFUND» қайырымдылық қоры және экзоскелет өндіретін отандық компания «Mbionics» ЖШС жобаның серіктестері болып табылады.
Қазақстанда сапалы экзоскелеттер өндірісі жолға қойылған. Сонымен қатар, шетелдік аналогтардан айырмашылығы, олар әлдеқайда жеңіл.