Тәртіпсіздіктерге қатысушылардың тонау мақсатында арнаулы техника мен ауыр жүкті тасымалдайтын автомашиналармен әкімшілік ғимараттардың қоршауын, банктер мен сауда нүктелерінің қабырғаларын соғып қирату фактілері де бар.
«Қаланың тарихи-мәдени объектілері тағылыққа ұшырады не бүлдірілді. Негізінен бұл Республика алаңының маңында орналасқан объектілер, олар қазіргі уақытқа дейін қалпына келтірілуде, ал қылмыскерлер келтірген залал миллиардтаған теңгеге бағаланады.
Сонымен бірге қылмыстық элементтер азаматтардың автокөліктерінен басқа, медициналық жәрдем көрсетуге және өрттерді оқшаулау үшін шақыру бойынша бара жатқан жедел жәрдем мен өртке қарсы қызметтің автомашиналарын да бүлдірді.   
Одан басқа бұзақылардың жолындағы тұрақтарда тұрған автомашиналар өртенді.
Полицияның автомашиналары еш себепсіз жойылды және тоналды»,- деді Әділов. 
Айта кетейік, қаңтар оқиғаларының салдарын жою үшін Ұлттық экономика министрлігі «Мемлекеттің жекелеген өңірлерінде тәртіпсіздіктердің нәтижесінде кіші және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу қағидаларын» барынша қысқа мерзімде әзірлеп бекітті.
«Мемлекет Алматы қаласы бойынша қаңтар оқиғалары барысында зардап шеккен азаматтарға шамамен 11 млрд теңге төледі.
Қаңтар оқиғалары барысында автомобильдері бүлдірілген Алматы қаласының тұрғындарына тағы 258 млн теңге төленді»,  -деді спикер. 
Айта кетейік, жасалған қылмыстардың барлық мән-жайларын анықтау мен зерделеу, сондай-ақ жәбірленушілерге залалдың өтеу үшін барлық шараларды қабылдау ішкі істер органдарының басымды міндеттері болып табылады.