Әбілқайыр Сқақов өзінің құттықтау сөзінде жастарға алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп, армандарын жүзеге асыруға тілектестігін білдірді.

- Сіздердің жоғары жетістіктерге қол жеткізетіндеріңізге еш күмән жоқ, - деді ол. – Сіздер міндетті түрде өздеріңіз таңдаған университеттерге оқуға түсесіздер. Біз сіздерге сенеміз және мақтан тұтамыз. Басты тілегім - өздеріңіздің мақсаттарыңыздың көкжиегін кеңейтіп, өмірде өз жолдарыңызды табыңыздар.

Аймақ басшысы марапаттаған жүлдегерлердің бірі - дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Әділет Ақтан. Қазақстан тарихы бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы қазірдің өзінде ЖОО-ға түсуге дайындалып жатыр. Әділеттің айтуынша, ол үшін қазір ең бастысы - мектепті тәмамдап, ҰБТ-ны сәтті тапсыру.

Естай атындағы мәдениет сарайының фойесінде Павлодар көркемсурет мектебі, балалар техникалық мектебі және М.Катаев ат. оқушылар сарайы тәрбиеленушілерінің үздік жұмыстарының экспозициялары орналасқан. Мерекелік концертте Иса Байзақов атыдағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары мен солистері өнер көрсетті.