«Облыста мереке аясында Мемлекеттік Елтаңба авторы Шота-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың 90 жылдығына орай, «Мемлекеттік рәміздер – Елдіктің символы» атты республикалық конференция өтеді. Конференцияға Шота-Аман Ыдырысұлымен бірге қызмет атқарған Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының сәулетші ғалымдары, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысады. Конференция барысында Шота-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың шығармашылық мұрасына арналған 7 томдық кітаптың тұсауы кесіледі. Сондай-ақ Петропавл қаласында автоклуб қатысушыларының бастамасымен ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған автошеру өтеді. Жастар ресурстық орталықтарының қатысуымен қоғамдық көліктерде, жекеменшік көлік жүргізушілеріне мемлекеттік тудың жалаушаларын тарату акциясы ұйымдастырылады. Этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Петропавл қаласының көпшілік орындарында «ҚР Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында сұрақ-жауап (блиц-опрос) жүргізіледі. Сонымен қатар өңір тұрғындары мен жастар Петропавл қаласы мен аудандардың орталық алаңдарында, ірі сауда орталықтарында және халық көп жиналатын орындарда Мемлекеттік Гимнді бір мезгілде орындау республикалық акциясына қатысады», - деді өңір басшысының  орынбасары. 


Сондай-ақ, «Туымыз – төрімізде» республикалық акциясы аясында Петропавл қаласы мен аудандардың орталығындағы көпқабатты үйлерге, ірі сауда орталықтарында Мемлекеттік Тулар жаппай орнатылады.