Жиын қатысушылары Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты пікір білдіріп, Жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның рөлін талдады.

Іс-шара «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма Төрағасы Қазбек Майгелдиновтың модераторлығымен өтті. Оның айтуынша,  еліміздің негізгі Заңына Мемлекеттік басқару моделін өзгертетін және азаматтардың саяси процестерге ықпал ету субъективтілігі мен мүмкіндіктерін күшейтетін елеулі өзгерістер енгізілуде.

«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Президенттің өкілеттілігін шектеу және әкімдер мен мәслихаттарға жергілікті жерлерде шешім қабылдау кезінде дербестік беру арқылы «қолмен басқару» практикасынан кету қажеттілігін айтты. Осыған байланысты Президенттің облыс және Республикалық маңызы бар қала әкімдерінің актілерін тоқтата тұру немесе олардың күшін жою жөніндегі құқығын, сондай-ақ аудан және ауыл әкімдерінің лауазымынан босату құқығын алып тастауға байланысты өзгерістер жоспарланып отыр. Президенттің мұндай өкілеттіліктері жойылады. Бұл реформа жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нығаюына, саяси жаңғыртуға ықпал етуі тиiс», - деді Қ.Майгелдинов.

Іс-шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Қазақстанның қоғамдық даму институтының сарапшылары, қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар қатысып, өз ойларын ортаға салды.