31-ші мамыр мен 5-ші маусым аралығында профессор Вадим Капуллер мен Саид Ибрагим облыстық балалар ауруханасында, облыстық онкология диспансерінің базасында профессор Рафаэль Миллер, Максим Соколов және Лев Гуревич жергілікті мамандарға шеберлік сағатын өткізеді. Жергілікті дәрігерлермен бірлесіп жоғарғы технологиялық операция жасайды, сондай-ақ тұрғындарға тегін кеңес береді.


- Адам баласы үшін бірінші байлық – денсаулық. Тұрғындар үшін сапалы медициналық қолжетімді болуы тиіс. Бұл жолда атқаратын жұмыстар бар. Мәселен, жергілікті мамандардың білімін шыңдау, салаға білікті мамандарды тарту, заманауи технологиялармен қамтамасыз ету шаралары арта береді. Осы жолы жоспарланған шара аясында атыраулық ақ халаттылар қажетті ақпарат алып, тәжірибе жинайды деген сенімдемін, деді С.Шәпкенов.


Айта кетейік, жалпы оқу бағдарламасы аясында облыс бойынша 1 000-ға жуық медицина қызметкерін оқыту жоспарланып отыр.
Бұған дейін 17-21 мамыр аралығында Атырау облыстық перинаталдық орталығында Израильден келген профессор Илья Розиннің өткізген семинарына қала және аудандардан 40 маман қатысып, оның 34-і сертификат алған.