Сарапшы референдумның қазақстандықтардың саяси мәдениетін, құқықтық санасын арттырудағы маңыздылығы жағынан әріптестерімен келісетінін айтты.  

«Референдум қазақстандықтар үшін тарихи мәнге ие. Мен де өзімді отандастарымдай сезінемін, еліміздің даму жолындағы өзгерістерге қатысымның барын сеземін. Біз өзімізді көрермендер, осы өзгерістердің куәгерлері ретінде ғана емес, тікелей қатысушылар сияқты сезінеміз. Объектілер емес, заң шығару процесінің және жалпы саяси процестердің субъектілері ретінде. Мұндай ауқымды өзгерістрдің референдум деңгейіне шығарылғанын құптау керек. Осылайша, бізде «бәрін бірге жасау», сондай-ақ мемлекет пен қоғамды дамытудың ұзақ мерзімді бағытын таңдау деген ой қалыптасады», - деді спикер.  


Заң қоғамдастығының өкілі қазіргі референдум императивті түрлерге жататынын атап өтті. Бұл қабылданған шешім түпкілікті болады дегенді білдіреді. Ол кейіннен қандай да бір мемлекеттік органдар тарапынан бекітуді қажет етпейді.  

«Референдумға қойылған түзетулер супер президенттік басқару формасынан классикалық дәстүрлі президенттік формаға көшуді білдіреді. Бұл идея билік институттары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу арқылы билік тармақтары арасындағы үлкен тепе-теңдікті қалыптастырады. Бұл өзгерістердегі үлкен идея, шын мәнінде, логикалық және негізделген шешім. Менің ойымша, халық мұны бағалайды. Бүгін азаматтардың ұсынылған өзгерістерге дауыс беру арқылы өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндігі бар», - деді Әубәкірова.