Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері мен өңірлердің басшылары қатысты.

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:

Бірінші: биылғы 8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын (COVID 19-ға қарсы вакциналау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы ұсыну талабы алынып тасталады; 

Екінші: республиканың 7 өңіріндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу бекетіне жұмыс істеуге салынған тыйым алынып тасталады.